Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережесі

Мектепте Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережесімен таныстыру, талқылау мақсатында жоспарлама өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.К.Биримжанова жаңа жобада атап көрсетілген өзгерістер мен ерекшеліктерге жеке-жеке тоқталып, толық түсіндіріп өтті:

-аттестаттау 5 жылда 1 рет өтеді;

-мұғалімнің негізгі көрсеткіштері: сабақ, білім сапасының динамикасы, оқушылардың олимпиадалары мен конкурстарына қатысудың нәтижелілігі;

-«екінші», «бірінші» және «жоғары» санаттағы мектептердің педагогтары 31.12.2024 жылға дейін жаңа форматқа көшеді;.

-ПББ тестті педагогтар, басшылардың орынбасарлары, әдіскерлер тапсырады.

-ПББ тестін тапсырудан 30 және одан да көп жыл өтілі бар педагогтар босатылды.

#аттестаттаужаңаформат

#педагогаттестация

#10жббм