2020 жылдың 12-наурыз күні біздің мектебімізде
• талантты жас мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру;
• жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін іздеуге ынталандыру және қолдау;
• жас педагогтардың мамандық саласында кәсіби байланыс аясын, тәжірибесін және көзқарасын кеңейту;
• қазіргі заманғы жас мұғалім туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру мақсаттарында жас мамандарға арналған «Педолимп» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.Байқауға 3 жас маман қатысты.
Байқау 2 бөлімнен тұрды.
«Менің мамандығым -мұғалім!» өзіндік презентация бөлімінде жас мамандар
белгіленген уақыт ішінде байқауға қатысушылар алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларды, өмірлік басымдықтарды, балаларға, әріптестерге және мамандыққа қатысты көзқарастарын ашып көрсете білді.
«Менің өмір сүретін әлемім» шығармашылық нөмірге байқауға қатысушылар еркін тақырыпқа өзінің шығармашылық нөмірін ұсынды. Ағылшын тілінің маманы Бейбітхан Ардақ француз тілінде ән салды. Қазақ тілі мен әдебиетінің жас маманы Қасым Нұрсұлтан Мырзабекұлы әуелетіп терме шырқады. География пәнінің маманы Өміртай Көркем Қалдыбайқызы мың бұралып өзбек биін биледі.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және қалалық «Педолимп» байқауына жолдаманы Өміртай К.Қ, 2-орын Қасым Н.М, Бейбітхан А. деп аталды.






