“Рақмет саған, туған ел!”

“Ақын сөзінің мәнділігі – мәңгілігі”
Мектебімізде айтыскер ақын, қаламгер, жазушы, ардақты ұстаз, республикалық айтыстардың бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Амангелді ауданының Құрметті азаматшасы Орманшина Әлпия Карбозқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Әлпия Карбозқызы өмірбаяны, шығармашылығы жөнінде баяндап берді. Өмірінде кездескен қызықты сәттер, балалық шағынан сыр шертті. Оқушыларға тіл, Отан, туған жер, ұстаз, ата-ана, өмір туралы жырларын оқып берді. Мектеп оқушысы, ақын апамыздың немересі Аяжан әжесінің өзіне, немерелеріне арнап шығарған өлеңін мәнерімен, жатқа оқып көрерменнің көңілінен шықты. Кездесуде оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын айта келе, үлкендерді, ұстаздарды құрметтеу, ана тілін қадірлеу, кішілерге ізет көрсету, Отанға сүйіспеншілікпен қарау туралы ақыл-кеңесін берді. Сыныппен бірге әдеби кітаптар оқу туралы ұсынысын жеткізді. Оқушылар да өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтың жауабын ала алды. Кездесу мәнді де, мағыналы өтті.