Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

12 желтоқсан күні №10 орта мектебінің, С.Мәуленов атындағы гимназиясының, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі мен  №17 орта мектебінің аға тәлімгерлері мен оқушыларының қатысуымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Мектеп президенті 11 «Б» сынып оқушысы Нүсіпқан Жасұлан, «Жас Ұлан» балалар ұйымының Ұланбасы 8 «Б» сынып оқушысы Төлегетай Диас, Жас Қыран Ұланбасы 7 «А» сынып оқушысы Төлегетай Нұрай және «Жас Ұлан» балалар  ұйымының белсенді  оқушылары Какенов Аслан, Аққалаш Санжар, Маратов Нұрқожа,  Темирбеков Нурхан, Болемисова Назгуль, Утюганова Дарина, Шарипова Диана, Шарипова Айлана, Сапабекова Айгерим, Казбекова Томирис, Кравец Альбина, Мұхтарова Талшын, Капышова Томирис және қонақтар 2-5 сынып оқушыларына «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілері табыс етілді. Өз кезегінде оқушылар Ант берді.