Бүгін С.Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес «Неко» экологиялық клубы» ҚҚ төрағасы, жаттықтырушы Бірмағамбетов Наурызбек Мерекейұлының қатысуымен оқыту тренингі өтті.
“Су, орман, қатты қалдықтар” тақырыбындағы тренингте
суды қалай қорғау және үнемдеу, орманды өрттен қалай құтқару, сондай-ақ қалдықтарды неліктен және қалай сұрыптау керектігі туралы айтты. Тренинг барысында оқушылар жаттықтырушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерге деген көзқарастарын білдіріп пікірталасқа түсті. Сондай-ақ көкейлерінде жүрген сұрақтарына да қажет жауаптарын ала алды. Аталмыш іс-шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға септігін тигізіп, бұдан кейін де түрлі экологиялық жобаларға қатысуға деген қызығушылықтарын арттырды.



