2020 жылдың 23 желтоқсанында ағылшын тілі мұғалімдерінің «Сындарлы оқыту теориясы негізінде инновациялық білімді шыңдау» тақырыбы бойынша әдістемелік бірлестігінің қалалық отырысы өтті.
Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Н.В. Темирова қашықтықтан оқыту кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдармен таныстырды, атап айтқанда білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою мақсатында әдістемелік бірлестіктер деңгейінде ұйымдастыру ұсынылатын іс-шараларды атап өтті.
№10 ОМ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.С. Телтьгарина «Ағылшын тілін қашықтықтан және штаттық форматта оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
№10 ОМ ағылшын тілі мұғалімі Р.Л. Айткужиева «Сындарлы оқу теориясын негізінде инновациялық білімді шындау» тақырыбында баяндама жасады.
Рефлексия барысында ағылшын тілі мұғалімдері өз тілектерін білдіріп, бірқатар әдістемелік ұсыныстар айтты, 2021 жылға арналған әдістемелік бірлестіктер жұмысының басым бағыттарын анықтады.

