Мектебімізде 11-сыныптар үшін 2020 жылғы 3 маусымда сағат 10.00 – ден 10.40-ға дейін мектеп бітіру іс-шаралары өткізілді. Барлығы 100 адам қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры, мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналары, сынып жетекшілері өздерінің тілектерін білдіріп, алдағы сапарларына сәттілік тіледі. Өз кезегінде мектеп бітіруші түлектер де мектепке, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, өлеңдерін, ән-шашуларын арнады. Жалпы орта білім туралы аттестатқа ие болған түлектер жүздері бал-бұл жанып, балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Сәт-сапар, ақ жол, түлектер!






