“Театр және балалар”

ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау, өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту және “Балалар және театр” ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде іс-шаралар өтуде. Жоспарға сәйкес оқушылар І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында болып, театр мұражайын аралады және “Ер Төстік” қойылымын тамашалады. Балалар кезекті саяхаттан рухани азық алып, керемет көтеріңкі көңіл-күймен оралды.