«Толағай» отбасылық-спорттық сайысы

Бастауыш сынып апталығына орай мектепалды сыныптар арасында «Толағай» отбасылық-спорттық сайысы өтті. Сайысқа 2 топтың ата-аналары мен балалар қатысты.Ұймдастырушы мектепалды сынып тәрбиешілері: Махина Г.Т., Жаппасбаева Г.Б. Жетекшісі: Сыздықов Батыржан Мұратұлы. Әділқазылар мүшесі:Көпжасарова Н.Ғ., Авбакирова А. Ж. болды.

Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Балаларды және ата – аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.

Ойынға «Тұлпарлар», «Сұңқарлар» және «Жүйріктер» тобы қатысты.

Сайыстың қортындысы әділқазылардың шешімі бойынша І орын «Сұңқарлар» тобы, ІІ орын «Тұлпарлар» тобы , ІІІ орын «Жүйріктер» ие болды.

#апталықбастауыш

#10жббм

#бастауышпәнмұғалімдері