Мектебімізде 19.02.2020 күні өңірімізге белгілі сазгер, жетекші, облыстық меценаттар сыйлығының лауреаты Түлкібек Рысмағамбетовтың студия мүшелері қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты бір ерекшелігі, қатысушылар тек жас өрендер ғана емес, сонымен қатар қария ата-әжелердің қатысуы еді. Ата мен әжелердің келер ұрпаққа деген жақсы бір өнегелік үлгісі оқушыларды бей-жай қалдырмады. Концерт бағдарламасында біздің құлағымызға әуелден сіңген есті әндер шырқалды. «Рухани жаңғыру» жобасын әуелден ұстанған жетекшінің есеп беру концерті көрерменге ерекше әсер қалдырды. Айта кетсек, Түлкібек ағайымыз осы біздің мектебіміздің шығармашыл жастарын әнге баулып жүрген білікті ұстаз. Түлкібек ағайымызға алдағы уақытта жұмысына табыс, оқушыларының алар асуы көп болсын.




