Тұңғыш Президент күні

1-11 сынып оқушыларына «Біл ел, бір тағдыр», «Тәуелсіздіктің жеті қыры», «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім» құжатты фильмдері көрсетілді. Онда Қазақстан халықтарының қуаты бірлікте екені және осы бірлікті сақтап қалу жолында жасаған еңбектері туралы айтылды және Елбасының әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және КСРО ядролық қаруының 2/3 сынағы өткізілген Семей полигонын жабу туралы тарихи шешімі туралы, сондай-ақ, Арал теңізін жаңғырту жұмыстары туралы ақпараттармен танысты. Құжатты фильмдермен таныса отырып, конференция, викторина, т.б. түрінде сынып сағаттарында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Оқушылар «Менің Қазақстаным», «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыптарында суреттер салды.