«Тәуелсіздік ел тірегі» атты кеш

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

1991 жылғы 16 желтоқсанда елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды. Бұл атаулы күн 1991 жылғы желтоқсанның 16 – сында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Осы күнге орай мектебімізде «Тәуелсіздік ел тірегі» атты үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, желтоқсан құрбандарын минуттық үнсіздік жарияланып еске алды. Концерттік бағдарлама бейнебаян мен басталып, арықарай қара сөз, көркем сөз, ән, би, домбырашылар өз өнерлерін паш етті.