“Химия және биология сабақтарында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы, оқушылардың функцияналдық сауаттылығын дамыту” тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің №10жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде”Химия және биология сабақтарында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы, оқушылардың функцияналдық сауаттылығын дамыту” тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Уақыт талабына сай білім сапасын дамытатын тақырыпты ашу үшін қала мектептерінен пән мұғалімдері қатысты. Ұстаздардың құнды пікірлері ойталқы барысында осы әдістің ең оңтайлы жұмыс түрін дәлелдеп, айқындады. Оған дәлел-түрлі презентация, фото-құжаттар, пән мұғалімдерінің әдістемелік еңбектері болып табылады.