Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатқа 35 жыл толуына орай 21-27 сәуір аралығында барлық Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатты жоюшылардың қатысуымен ядролық апатқа арналған апта шеңберінде іс-шаралар өткізілді. «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» сынып сағаттарында ядролық апаттың шығу себебі, әлемдік зардабы туралы кеңінен ақпарат берілді. Чернобыль атом электр станциясы туралы фильм көрсетіліп, соңынан оқушылардың пікірлері тыңдалды. «Чернобыль-жанның жалпы ауыруы» мәнерлеп оқу конкурсы және «Чернобыль балалардың көзімен» суреттер конкурсының көрмесі виртуалды түрде мектептің инстаграм парақшасында ұйымдастырылды. Оқушылар бұл апталық іс-шараларына қатысуда белсенділік көрсетті. Мектеп кітапханасында Чернобыль апаты туралы кітаптардың, жарияланымдардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде оқушылар кітап көрмесін тамашалап, өздеріне қажетті мәліметтерді алды.
