Эстетикалық пәндер апталығы аясында оқушылар мен ұстаздарға арналған “Тоқыма тоқып үйренейік!”, “Әсем гүл жасап үйренейік!” шебер-сыныптары болып өтті. Тоқымамен жаңа ғана бастаған оқушылар тоқыма әліппесімен танысты. Ал тоқып білетін кейбір оқушылар күрделі әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ гофр қағазынан раушан гүлін жасаудың тәсілін меңгеруге оқушылармен бірге ұстаздар да қызығушылық танытты. Оқушылар үзіліс уақытын тиімді пайдаланып шығармашылықтарын арттырды. Жиылған көпшілік шебер-сынып жанынан рәсімделген көрме бұйымдарын тамашалады.
#ашықсабақ #пәндерапталығы
#эстетикалықпәндеронкүндігі #өнер #ұлттықмүдде #ұлттықмүдде10