Жуырда №10 орта мектеп оқушылары Қазақтың рухани үш бәйтерегінің бірі, кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық кешеніне саяхатқа барып келді. Қостанай қаласынан жеті шақырым жерде, Тобыл өзенінің бір иінінде тұрған кесенеге мектеп оқушылары жаяу саяхаттап баруға бел бу буды. Оқушылар «Жас сарбаз» әскери-спорттық клубының жетекшісі Өсіп Ерсін Қазтайұлының басшылығымен Тобылдың қаланы жиектеп ағатын бір саласын кесіп өтетін ұлы жолдың бойындағы «Алтынсарин кесенесі» деген сілтемеге қарай жол тартты. Ыбырай кесенесіне келіп, оқушылар мұрағаттармен танысып, рухани азық алды. Естелік үшін фотоға түсіп, мәре-сәре болды. Болашаққа мұра еткен даналықтың рухындай биік Ыбырай кесенесіне мәдени саяхат биылғы оқу жылының рухани бастамасы болды.
