Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 26-30 сәуірі аралығында Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы болып өтті.Бірінші күні мектеп кітапханасында «Табиғат туралы не білеміз?» кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
«Мен табиғатты аялаймын» суреттер конкурсы, «Біздің үйдің жануарлары» фотобайқауы, «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық» акциясы, «Бұл әлем қандай әдемі!» фотоконкурстары.
«Жандану» қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы және экологиялық сынып сағаттары өткізілді.
Экологиялық тәрбие апталығының қорытындысы шығарылды.
«Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық» байқауының қорытындысы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Жумасова Асель 1 орынды, 3 «Б» сынып оқушысы Еменалы Ілияс 2 орынды иеледі.
Ал «Мен табиғатты аялаймын» сурет байқауына қатысқан 1 «В» сынып оқушысы Қаражан Ділназ 1 орынды, 7 «Б» сынып оқушысы Ищанова Меруерт 2 орынды, 1 «Б» сынып оқушысы Щербаев Дамир 2 орынды қанжығаларына байлады.
«Менің жасыл ғаламшарым» фотоколлажын дайындаған 3 «А» сынып оқушысы Ибраев Жандос 1 орынды, ал «Жандану» байқауы бойынша қолөнер бұйымын жасаған 4 «В» сынып оқушысы Шөптібай Аружан 1 орынды иеледі.
«Біздің үйдің жануарлары» фотобайқауына жалпы 22 оқушы қатысты.
«Бұл әлем қандай әдемі!» фотоконкурсына жалпы 14 оқушы қатысты.
Бұл екі фотобайқауға қатысқан жұмыстарды саралай келе, әрбір суреттің өзіндік ерекшелігі болғандықтан әрбір қатысушыға «Үздік фотосурет» номинациясы бойынша мадақтамалармен марапатталатын болады.
https://www.instagram.com/p/COPtLYcgQzY/?igshid=dyquhbrnqnvq
https://www.instagram.com/p/COJ9e7LgX1o/?igshid=1w41bsg72njxh
https://www.instagram.com/p/COMu9v_geo6/?igshid=1ddmauo6n1514
https://www.instagram.com/p/COJ9e7LgX1o/?igshid=1w41bsg72njxh
https://www.instagram.com/p/COMuZC9AcaZ/?igshid=hqpmuj91u3wu
https://www.instagram.com/p/COPJgMkA0HJ/?igshid=18k1tg1bao1vw
https://www.instagram.com/p/COPJ6WUg0bO/?igshid=7ha2jnnws18x