Мектебімізде 2020 жылдың 27-31 қантар аралығында«Негізгі Заң аптасы» ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу. Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі ету.
«Негізгі Заң аптасы» шеңберінде мәдени, спорттық іс-шаралар өткізілді: футбол жарысы, сынып сағаттар. Футбол жарысы 8-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді, жеңімпаздары марапаттау қағаздармен марапатталды. Кітапханада оқушыларға арналған көрме ұйымдастырылды. Оқушыларға сынып сағаттарда Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Конституцияны сақтап, басқалардың құқығына, еркіндігіне, ары мен абыройына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, сонымен қатар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына үлес қосуға және қорғауға, және табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарау туралы міндеттері айтылды. Әр оқушы өзінің еркіндігі мен құқықтары туралы түсінді. Сабақтар өту барысында жұмыстардың әр түрлі формалары ұйымдастырылды: топтық, жұптық, жеке, тест, қойылым, пікір алмасу т.б. Оқушылар сабақтарға қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Осы сынып сағаттар барысында оқушылардың Ата Заңымыз біздің басты қуатымыз екендігі туралы түсініктері кеңейді.



