Қазақша контент қоржыны тағы бір жаңа мультфильммен толықты. “D-Agent” деп аталатын мультсериалдың тұсаукесер рәсімі елордада өткен болатын. Идея авторы белгілі блогер Дәулет Мұқаев. Отандық анимациялық өнім 10 сериядан тұрады.
🎬10 сериялы мультик баланы адал еңбекке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлауға, ең басты құндылық – адамгершілікке үйретпек.
▶️Мультфильмнің толық нұсқасын көру үшін сілтемеге өтіңіз👇
1-бөлім: https://youtu.be/VuhLBRAy2fo
2-бөлім: https://youtu.be/QL_UauNRteU
3-бөлім: https://youtu.be/fkqJTFu5Zc8
Әр сериясының ұзақтығы шамамен 5 минут. Мультфильм көптің көңілінен шығып жатса, жалғасы түсіріледі. Басты кейіпкерлері “Д-агент”, ит пен мысық және робот. – ҰрпақТВ деген арнайы арна ашылды Содан көрсетіле бастады. Ол ютубқа толығымен шығып болғаннан кейін Балапан арнасынан көрсету жоспарымызда бар. Ұлттық дүние, кейіпкерге тақияны кигіздік. Келесі бір серияларында ұлттық киім, нақыштарды көрсете берсе баланың көзі үйренеді. Ұлттық киімдерді көргенде не үшін тек Наурыз елестеуі керек,-деді Д.Мұқаев.
Мектеп оқушылары да мультфильмді тамашалай бастады.
8 “А” сынып, сынып жетекшісі: Тельгарина А.С.
