Қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

21 желтоқсан күні Қалалық Балалар шығармашылық үйінде театрлық карнавалды-маскарадты түрді қала әкімінің қатысуымен жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шараға әлеуметтік қорғалмаған 16 оқушы  қатысты.

«Ғажайыпқа толы – Жаңа жыл!» атты қала әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына қатысушылардың назарына арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды. Сәні мен салтанаты жарасқан мереке барысында бас кейіпкер Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер кештің көркін қыздырды. Өз кезегінде бүлдіршендер де мың бұрала би билеп, әсем ән шырқады.

Мерекелік кеш барысында қала білім бөлімінің басшысы  бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қала әкімінің атынан кішкентай қонақтарға балмұздақтар табыс етті.

Шаттық пен думанға толы жаңа жылдық шыршадан балақайлар үлкен әсермен қайтты.