2018 – 2019 оқу жылының 14 қыркүйек күні «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында ата –аналар және 1-11 сынып аралығындағы оқушылармен бірлесе отырып, күзгі жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді.
Жәрмеңкеде қолдан пісірілген тәтті нан өнімдері мен жемістер сатылымға қойылды. Оқушылардың ата-аналардың дайындаған түрлі тағамдар да көпшіліктің көңілінен шықты. Тағамдарды ата-аналар, мектеп қонақтары, оқушылары, мұғалімдер сатып алып, жәрмеңкеге өз үлестерін қосты.
Аталмыш акция аясында түскен қаражат – мектеп ата-аналар комитеттері және сынып жетекшілердің келісімімен, толық емес отбасы оқушылары және аз қамтылған, тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балаларына жұмсалады. Қазіргі таңда осы қаражат есебінен 19 бала тегін тамақтанады. Сонымен қатар қамқорлық көмектер көрсетіліп тұрады.
«Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» демекші.Осы қайырымдылық іс –шарадан тыс қалмай, кең пейілділік және мейірімділік танытқандарыңыз үшін сіздерге алғысымыз шексіз.
Ізгіліктің биік шыны – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
