«Қош келдің, әз Наурыз!»: «Наурыз-пати»

Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда “ақ түйенің қарны жарылған күн.” Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында әжелермен кездесу болып өтті.
1 “г” сынып оқушысы Асаналидің әжесі Альфия әжеміз наурыз көже әкеліп, соны балаларға түсіндіріп, құрамында қандай дәрумендер бар екенін айтып өтті. 4 “б” сынып оқушысы Есеналидің әжесі Ермек әжеміз құрт әкеліп, құрт қалай жасалатынын түсіндірді. 1 “в” сынып оқушысы Перизаттың әжесі Бақыткүл әжеміз бауырсақ жайлы, 1 “г” сынып оқушысы Жансаяның әжесі Күлімай әжеміз малта құрт қайдан жасалатынын түсіндірді. Оқушылар әжелердің әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тыңдап, өздеріне керекті ақпараттарды алды. Әжелердің қолымен дайындалған ұлттық тағамдардан дәм татты.