Құрметті ата-аналар!

  

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартуда. Бүгінгі таңда 350 мыңға жуық өтініш қабылданды, олардың басым көпшілігі «Электрондық үкімет» egov.kz  порталы арқылы қабылданады.

     Медициналық анықтамаларды алудағы қиындықтарға байланысты білім беру ұйымына құжаттарды тапсырған кезде оларды уақытша бермеуге рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды олар алғаннан кейін беруге болады.