“Ұлағатты ұрпақ” мәдени-білім беру порталы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген madeni-m.kz сайтында 1-11 сынып оқушыларына арналған өнер бағытында қолжетімді бейнедәрістер орналастырылған. Қазақстанның киелі жерлеріне де виртуалды саяхаттай алады. “Ұлағатты ұрпақ” мәдени білім беру жобасы – бұл оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына, қазақстандық және әлемдік мәдениет пен өнер туралы шығармашылық құзіреттіліктер мен білімді игеруге, эстетикалық сезімді, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге арналған мәдени-білім беру алаңы. Қолжетімді материалдарды қолдануға болады.