«Ұлағатты – ұстаз» атты іс-шара

2018 жылғы қазан айының 5-і күні мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай мектеп АКТ залында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен «Жас Қыран» ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің және 10-11 сыныптардың ұйымдастыруымен «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік концерт өтті.

Оқу ордамыздың оқушылары сүйікті ұстаздарына арнап өлең оқып, әсем ән айтып, мың бұрала билеп мереке ұйымдастырды.

Мектеп директоры Раисов Рамазан Елеусизович әріптестерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар тіледі. Концерт соңында өткен оқу жылында жетістіктерімен көзге түскен ұстаздар қала білім бөлімінің және мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.

10-шы сынып оқушылары  ұстаздарымен бірге дайындаған билерін мектеп ұжымына паш етті. Ән көңілдің ажары деп, әр ұстазымыздың көркіне ажар ұялатқан бұл концертке ұстаздар қауымы дән риза болды.