✅Мектеп оқушылары «Ұлттық мұра» күнінде ұлттық киіміміздің көркем ерекшеліктерін насихаттауда. Бүгінгі таңда жаппай ғаламдастыру жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың көпшілігі ұлттық көркем ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде киім пішінінің озық үлгісінің сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі болып табылады. Осыған орай, мектебімізде «Ұлттық мұра» жобасы енгізілген болатын. Бұл жоба халқымыздың рухани-әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық және дүниетанымдық көзқарас ерекшелігін, өзінің ұлттық мұрасын тануға және дамытуға мүмкіндік беруге негізделеді. Әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшелігі болуы міндетті. Ол адамның киім үлгісінен де байқалады. Бізде өзге ұлт өкілдерінен ерекшелейтін ұлттық ою-өрнегімізбен әшекейленген ұлттық киіміміз бар. Мектебімізде оқушылардан «Ұлттық мұра» күні ұлттық киімдердің қазіргі заманға лайықтап тігілген керемет үлгілерін, ою-өрнек элементтерін көруге болады.
Суретте: 2 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ещанова Р.Т.
