Қоғам қайраткері, халық жазушысы және ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты мектебімізде іс-шаралар өткізілді. «Ұлт тілін ұлықтаған ұлы тұлға» атты ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Касымова Д.М. өткізді. Сабақ соңында тілге байланысты викториналық ойын өткізілді. Сонымен қатар М.Шахановқа арналған «Поэзия әлемнің дарабозы» атты көрмені мектеп кітапханашысы Копжасарова Н.Г. көпшілікке ұсынды.
#мұхтаршаханов
#мұхтаршахановқа80жыл
#мұхтаршахановөлеңдері
#мұхтаршаханов80жас
