«Ұстазым, менің ұстазым»

2019 жылдың 4 қазаны күні мектепте «Өзін-өзі басқару» күні болып өтті. 10, 11 сынып оқушылары ұстаздарды таңертеңгілік ән-шашу арқылы көтеріңкі көңіл-күймен құттықтап қарсы алды. Ұстаздарға арнап дайындаған қызықты ойын, сайыс түріндегі сабақтар ұстаздардың көңілінен шықты. «Өзін-өзі басқару» күні «Ұстазым, менің ұстазым» атты мерекелік концертке ұласты. Мұғалімдер күніне орай «Өз ұстазыңды құттықта!» креативті челленджге қатысып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге оқушылар өз құттықтауларын арнады.