Бастауыш сынып апталығы аясында 3 сыныптар арасында “Ұшқыр ойлы-тапқырлар” атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Ақыл- ойы мықты, тез ойлағыш, білімді, алғыр оқушыларды анықтау. Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, белсенділігін арттыру.
Әр командада 5 оқушыдан қатысты. Барлығы 3 топ болды.
1 топ: “Алғырлар” (3 А сыныбы)
2 топ: “Тапқырлар” (3 Б сыныбы)
3 топ: “Зеректер” (3 В сыныбы)
Қалған оқушылар көрермендер ретінде іс-шараны тамашалап отырды.
Іс-шара 5 бөлімнен құралды.
Қазақ тілі мен математикадан сұрақтар берілді. Логикалық тапсырмалар, жұмбақтар берілді. Сонымен қатар жеке топ басшыларына тапсырмалар берілді.
Оқушылар белсенділік танытып қатысты.
Әділ-қазылар алқасы қорытындыны шығарғанға дейін көрермендермен қызықты ойындар өткізілді, жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
1 орын-3 “В” сыныбы
2 орын-3 “А” сыныбы
3 орын-3 “Б” сыныбы
Іс-шараны өткізген: Жаилганова А.М.