Мектебімізде 2020 жылдың 13-ақпанында «Озық тәжірибе мектебінің» жоспарына сай «Әдістемелік калейдоскоп» өтті.
Мақсаты: Өз іс-тәжірибесіндегі қол жеткізген тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу және әдістемелік бірлестік бойынша жүйелі жұмыс нәтижесін көрсету.
Ресурстар: Бейнеролик, презентация, көрме, буклет, үлестірме материал
Күтілетін нәтиже: Әр бірлестік әдістемелік тақырыбы бойынша жасалып жатқан жұмыстар мен соңғы үш жылдық жетістіктерімен бөлісу.
Бағалау критерийлері: Жұмыс жүйелілігі, мақсатқа жету барысындағы атқарылған жұмыстар, тиімді әдіс- тәсілдер, соңғы үш жылдық жетістіктер.
Бұл әдістемелік байқауға 8 бірлестік белсенді ат салысып, өз жұмыс жүйелері және іс-тәжірибесімен бөлісті. Мектептің әдістемелік тақырыбына сай әр бірлестік өз әдістемелік тақырыптары бойынша жинақ жасап, мақсатқа жету жолдарын атап көрсетті. Нәтижесінде өз жобаларын қорғаған мұғалімдер номинация бойынша марапатталды. «Талғампаз ұстаз» ағылшын тілі мұғалімі Тельгарина Айгуль Сарсеновна, «Шығармашыл ұстаз» ағылшын тілі мұғалімі номинациясы бойынша Айткужиева Рыскуль Азаматовна. «Ұстаз –әдіскер» номинациясы бойынша Карпикова Айжан Сансызбаевна, «Білікті ұстаз» бастауыш сынып мұғалімі Жумагулова Айнур Жаксылыковна, «Жаңашыл ұстаз» бастауыш сынып мұғалімі Бексултанова Зибагул Калибековна, «Өз ісінің шебері» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Нуржанова Толкын Мирмановна. «Өнегелі ұстаз» номинациясы бойынша технология пәнінің мұғалімі Жунусова Айнагуль Халеловна, «Шығармашыл ұстаз» орыс тілі пәні мұғалімі Жумабаева Марьяш Шаяхметовна, «Ізденімпаз мұғалім» номинациясын Багрий Юлия Анатольевна, сонымен қатар «Зерек ұстаз» Сакиева Жадыра Олеговна, «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша химия пәнінің мұғалімі Канапиянов Канат Заманбекович және математика пәнінің мұғаліміБатталова Алмагуль Султановна «Зерек ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Жалпы әдістемелік бірлестіктерді жетістіктері мен жинақ әзірлеп, қорғауы бойынша «Үздік әдістемелік әзірлеме» номинациясы бойынша «Технология, музыка, өзін-өзі тану және көркем еңбек» және өте жоғары деңгейде рәсімдеп,жетістіктерін жаңа идеямен көрсете алған «Математика ,информатика және физика» бірлестіктері марапатталды.
Жүлделі ІІІ орынды «Тарих және география», ал ІІ орынды «Ағылшын тілі» мен «Орыс тілі мен әдебиет» әдістемелік бірлестіктері иеленді. Байқауда алға озып шыққан екі әдістемелік бірлестік болды: «Биология және химия бірлестігі» мен «Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі» жеңіске жетіп, ерекше аталып өтті.
Ұжым мұғалімдері осы байқауда кәсіби шеберліктерін шыңдап, бәсекелі ұжым екендіктеріне тағы да көз жеткізді. Мектебіміздің шығармашыл, білікті ұстаздарына шығармашылық табыстар тілейміз!!!





