«Әдістемелік тақырыптың, қашықтан оқытуда жүзеге асу жолдары» онлайн-стриминг

Озық тәжірибе мектебінің жұмыс жоспарына сай қараша айында «Әдістемелік тақырыптың қашықтан оқытуда жүзеге асу жолдары» тақырыбы аясында   мектепішілік озық тәжірбиені тарататын мұғалімдердің тиімді әдіс-тәсілдері туралы онлайн-стриминг  «ZOOM» платформасы арқылы өтті. 

       Бастауыш сынып мұғалімі: Кенжесеитова Нургуль Кабылдиновна, еңбек өтілі 27 жыл, «Педагог-зерттеуші» «Сындарлы оқыту  теориясын тәжірибеме енгізу арқылы, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу» әдістемелік тақырыбы мен мақсат, міндеттерін іске асыру жолдарымен таныстырды. Тақырып төңірегінде биыл 3-жыл  шығармашылық ізденіс жасап, тиімді

әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырып келеді. «Сыни ойлауды дамыту» үшін: Болжау, жұпта талқылау,түртіп алу,топтастыру, ой қозғау тәсілдерін қызығушылықты оятуға  қолданып,оны  іске асыру жолдарымен бөлісті.         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Боранова Гулбаршын Көшербайқызы еңбек өтілі 16 жыл, «Педагог-зерттеуші», «Жаңартылған білім беру әдісі арқылы оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызекі тілдерін жетілдіру» әдістемелік тақырыбы мен мақсат, міндет және іске асыру жолдарымен тәжірибе бөлісті. Күнделікті сабақ  барысында тиімді тәсілдерді қайта-қайта қолдану арқылы ,тұлғаның ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарын атады. Мысалы: «Қабырғадағы сұрақтар» стратегиясын қолдану арқылы күтілетін нәтижеге жету жолдарымен тәжірибе алмасты.