Қостанай қаласы №10 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығу» бойынша дабыл қағылып, мектебіміздегі барлық оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылды. Бұл жердегі басты мақсат- оқушылар мен мұғалімдердің өрт кезінде, дейін және кейін дұрыс әрекетке дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға дағдыландыру және түрлі қауіп-қатерге дайын болуды, кез келген апатты жағдай туындағанда бірден іс-әрекетке көшуді үйретеді. Бүгінгі жаттығу барысында мектеп басшысына оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз аймаққа жиналғандығы туралы есеп беріп, жиналған көпшілік алдында бұл жаттығудың мән-маңызы мен пайдасын түсіндіріп берді. Жалпы аталмыш жаттығу сәтті өтіп, белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылды.



