✅Облыстық оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған әдістемелік әзірлемелер негізінде оң педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында Қостанай қаласы, 10 ЖББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Койтбаева Зоя Абдигаппаровна мен Жунусова Айнагуль Халеловна қашықтықтан тәжірибе бөлісу алаңын ұйымдастырды.
✅Алаңға Жетіқара, Қамысты аудандары, Арқалық қаласының жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.
✅Бұл алаңға республика бойынша облыстардан да, атап айтсақ Көкшетау облысы Ақжар ауданы, Ащыкөл орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Садвакасова Бибигуль Темиржановна қатысты. Алаң барысында ұйымдастырушы авторлардың бағдарламасына қызығушылық танытып, өзін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Өз кезегінде ол да тәжірибесімен бөлісті.
✅Тәжірибе бөлісу барысында Койтбаева З.А. мен Жунусова А.Х. өздері құрастырған “Қағаз түтікшелерінен бұйымдар жасау” авторлық бағдарламасының мазмұнымен, бағдарламасымен, қысқа мерзімді жоспарларымен, оқушыға арналған жұмыс дәптерімен таныстырды.
✅Бұл мұғалімдер жаттықтырушы ретінде де өздері құрастырған аталмыш авторлық бағдарламасы бойынша “Өрлеу” біліктілік арттыру курстарында да бірнеше рет тәжірибелік сабақтар, шебер-сыныптар өткізіп, өз тәжірибелерімен облыс көлемінде бөлісті.
тәжірибеалаңы
авторлықжұмыс












