✅Республиканың өзге облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардың жалпы білім беретін мектептері және мектеп-лицейлерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері арасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің 10 жалпы білім беретін мектебі ” КММ бастамасымен қашықтықтан педагогикалық тәжірибені тарату алаңы ұйымдастырылды.
✅Бұл алаңға Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысы және Түркістан облысының мектептерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.
✅Қостанай қаласы, 10 ЖББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Койтбаева Зоя Абдигаппаровна мен Жунусова Айнагуль Халеловна “Қағаз түтікшелерінен бұйымдар жасау” авторлық оқу-әдістемелік кешені материалдарын көркем еңбек пәнінің мұғалімдерінің назарына ұсынып, өздерінің педагогикалық тәжірибесімен, жұмыс жүйесімен таныстырды.
✅Алаңға қатысқан Астана қаласы, Кәрім Мыңбаев атындағы 59 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Кауымбаева Динара Нагметовна мен Байсары Айкерім Есалықызы да өз тәжірибелерімен бөлісті.
✅Атап айтсақ, Динара Нагметовна “Жүннен бұйымдар дайындау арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру” әдістемелік құралымен таныстыра келе, ондағы берілген сабақ үлгілері мен зерттеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
✅Ал Айкерім Есалықызы өзінің “Қазақтың сәндік қолданбалы өнері” авторлық бағдарламасының оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға тигізіп жатқан үлесі туралы сөз етті
✅Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жумагалиева Жазгуль Жалгасбаевна
да өз кезегінде оқушылардың қолөнерге деген танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға негізделген “Қалдықсыз өмір” үйірме бағдарламасының өзектілігіне тоқталды.
✅Түркістан облысы, Төлеби ауданы “Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Искакова Дилдора тәжірибе алаңынан өзіне керек құнды мәліметтерді алғанын атап өтті.
✅Тәжірибе бөлісу алаңына қатысушылар аталмыш алаңның пайдалы болғанын айта келе, алдағы уақытта да әлеуметтік әріптестік қарым-қатынас пен ынтымақтастықта жұмысты жалғастырып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологияларын жетілдірудің жолдарын бірге қарастыру қажет деп шешті.
тәжірибеалаңы
авторлықжұмыс














