1 наурыз – Қазақстанда алғыс айту күні. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы жарлығымен, Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілген болатын. Биыл бұл мереке елімізде төртінші рет аталып өтілмек. Осыған орай бүгін
01 .03.2019 жылы біздің мектебімізде «Алғыс айту» іс- шарасы өткізілді. Таңертен келген ата-аналарды, оқушыларды, ұстаздарды қызғылт сары піл қарсы алып, құшақтап, тәтті кәмпиттер таратылып, жылы сезім мен қуаныш сыйлады.









