1 қыркүйек — Білім күні

1 қыркүйек – Білім күні

Бүгін 1 қыркүйек күні мектебімізде білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. 1 сыныпқа 68 бүлдіршін аяқ басты. Жиын барысында мектеп директоры Баяхметов Орынкуль Балғабаевна мектеп оқушылары мен ұстаздарын, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім күніне орай 1-11 сыныптарда “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.