Асар – халықтың, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытып, ауқымды да күрделі ауыр жұмыстарды бірлесе отырып орындау. Мысалы: баспана салу, қой қырқу, киіз басу, егін ору, шөп шабу, қора салу, соғым сою, көмір түсіру, отын әкелу, тай таңбалау тағы басқа қауырт жұмыстарды көпшілікпен жұмыла атқару – асарға жатады.Ата-бабамыз қоғамдық қызметтердің маңыздылығын өте жақсы түйсінген. Жеке басының қамын күйттеудің орнына, халық пайдаланатын қоғамдық шараларды жүзеге асыруға күш салған. Асар иесінің ақ дастархан жайып, оның басында айтылған ғибратты әңгімелердің жөні бөлек болған. Үлкен абыз ақсақалдар тарапынан қоғамда қордаланып жатқан түйіткілді мәселелермен қатар тарихтан, шежіреден, жыр дастандардан сөз қозғалып, жастарды өзара жәрдемдесуге, ағайын-туыспен араласуға жол көрсеткен.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СПАНДИЯР КӨБЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ