15 наурыз — Қайырымдылық күні.

Бүгін мектебімізде “Қайырымдылық акциясы” болып өтті. Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған іс-шаралар өткізіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды.

Бұл халқымыздың игі істер дәстүрін таратудың жалғасы болмақ. Мейірімділік, өзара көмек және тату көршілік – баршамызды біріктіретін, күш-қуат беретін қасиеттер.

Айлардың сұлтаны болған рамазан айында өткен қайырымдылық акциясына қатысқан ата-аналар, оқушылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Жасаған игі істеріңіз бен амалдарыңыз қабыл болсын. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау,ғұмырларыңыз ұзақ болып, жылдан-жылға, оразадан оразаға басымыз аман, бауырымыз бүтін болып жете берейік. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын. Кішкентай бүлдіршін қостанайлық 6 жасар Жұмабекова Айлананың еміне ата-аналар, оқушылар мен ұстаздардың шарапатымен 402 000 теңге аударылды. Еміне шипа беріп, ата-анасының, жақындарының ортасына сауығып оралсын!🤲

#қайырымдылық

#наурызмейрамы

#ұлттықмүдде

#біртұтас_тәрбие

@kost__bilim

@kst_bilim_bolimi

@qostanai_tany