18 қараша 2021 жылы Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебінде «Діни экстеримизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қолданылатын қауіпсіздік шаралары» тақырыбы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қалалық онлайн семинар өткізілді.

Семинарға Қостанай қаласының білім бөлімінің тәрбие жұмысының әдіскері Абаева А.М., Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Абдиев С.А қатысты.  Семинарға қатысушыларға діни экстеримизм мен терроризмнің қауіпі мен маңыздылығы және оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың қалай ұйымдастырып өткізу туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізді, ұсыныстар берілді. Семинар барысында діни экстремизм кез-келген діннің кері жағы, оның қарама-қарсы, қауіпті жағы  айтылды. Сонымен қатар № 10 ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтай Қ.Т. , мектеп психологы Бекбусинова Г.Г. және № 16  ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Исимбаева Р.Б ортаға өз тәжірибелерімен бөлісу  мақсатында мектептерінде осы бағыт бойынша қалыптасқан жұмыс жүйесімен таныстырды. Алдын алу жұмыстар кезінде жаңа тәсілдер ұсынылды.