2023 жылдың 11 қазаны күні Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беру мектебінің базасында Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

✅Іс-шараға Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор – Алмас Әбсадық, білім беру саласының құрметті қызметкері, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Ыбырайтанушы ұстаз –  Сүйінкина Пиалаш Балтақызы, Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы – Шектыбаева Назгүл Төкенқызы, Қостанай қаласының жалпы білім беру мектептерінің ұстаздары, мектеп оқушылары қатысты.
✅Іс-шара барысында Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Шектыбаева Назгүл Төкенқызы бейнебаян арқылы көрнекті ұстаз С. Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы жайынан мағлұмат беріп, жиналған жұртшылыққа көрнекті ұстаздың Ы. Алтынсарин музейінің қорында сақталған жеке заттарын, кітаптарын таныстырды.
✅Филология ғылымдарының
докторы, профессоры Алмас Әбсадық мырза Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай жоғарғы білім беру мекемелерімен А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ атқарылып отырған іс-шараларға тоқталып,  педагог жазушының қазақ жазба әдебиетіне қосқан орасан зор еңбегін атап өтті.
✅Сонымен қатар № 2 мектеп- лицейінің педагогы, С. Көбеевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеуші, жас магистрант Оспанова Мәншүк те  өзінің ғылыми еңбегі жайлы мағлұмат берді.
✅Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Ыбырайтанушы ұстаз – Сүйінкина Пиалаш Балтақызы көрнекті ұстаз С. Көбеев жайлы жазылған ғылыми мақалалармен, естеліктер жайлы пікірін айтып, ойымен  бөлісті.
✅Іс-шара барысында мектеп оқушылары С. Көбеевтің  «Қалың мал» романынан шағын қойылым қойып, революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ қыздарының аянышты тағдырын сомдады, ән айтып, күй тарту арқылы көпшілікке сүйіспеншілік ләззатын сыйлады. Сондай-ақ С.Көбеевтің өлеңдері жатқа оқылды.
✅Іс -шара  соңында шақырылған қонақтар мен ұстаздар қауымы естелікке фотоға түсті.