5 қыркүйек – Тілдер күні.

. 2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ауыстырылды. Ал биыл ұлт ұстазының туғанына 150 жыл толды. Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай “Ұлт ұстазы” іс-шарасы болып өтті. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Касымова Дамеш Махметовна ұйымдастырып өткізді. 11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада мұғалім мен оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы, халқымыз үшін жасаған еңбектері жайлы кеңінен тоқталды. Соңынан викториналық сұрақтар қойылды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын табатын болады.