02.02.2023ж. күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Lesson Study: қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбы аясында облыстық семинар өтті. Бұл семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерімен аталған тақырып бойынша тәжірибе алмасу.
Бұл семинарға облыс бойынша барлық аудандардан, қалалардан елуден астам мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинардың барысында «Lesson Stady: қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында көрме жұмыс жасады.
9.00-ден 10.15-ке дейін пленарлық бөлімі акт залында өтті. Алғы сөзді Қостанай облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің әдіскері Бекмағамбетова Г.К. ашты. Директордың оқу-әдістемелік ісінің орынбасары Биримжанова А.К. «Lesson Study: қолданудың теориясы мен тәжірибесі» семинарының күн тәртібімен таныстырып, теориялық түсінік беріп өтті. Мектеп тәжірибесінде «Lesson Study» жүргізу бойынша семинарға қатысушылар назарына фильм ұсынылды. Ұсынылған фильмде топтарды құру, зерттеу сұрағын таңдау, сабақты жоспарлау мен 2 «Б», 3 «Б», 4 «Б» сыныптарында өткізілген 1-сабақтары, оқушы үні мен сабақты талқылау кезеңдері көрсетілді.
Аталған семинарда бастауыш сыныптың барлық мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
















