«PISA тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында семинар-практикум

2023 жылдың 31 қаңтар күні №10 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімдері, жаратылыстану ғылымының магистрі Г.С.Алиханова және педагогика ғылымдарының магистрі А.К.Аблайханова бірлесе отырып, «Тасты» жалпы білім беретін мектебінің сұранысы бойынша «PISA тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинардың негізгі мақсаты: PISA тапсырмаларының ерекшеліктерін талдап, оларды сабақта қолдана алу мүмкіндіктерін көрсету. Семинар барысында PISA тапсырмаларында кездесетін оқушылардың білім жетістіктерін зерттеудің негізгі үш бағыты («математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы, «оқу сауаттылығы») бойынша тапсырмалар қарастырылып, талқыланды.