2019 жылдың ақпанның 1 күні «TEDx» жобасы іске асыру мақсатында қалалық «TEDxSchool 10» конференциясы өткізілді.
«TEDx 10School» қалалық конференциясының мақсаты: білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдысын, топта жұмыс істеу білу білігін, шешендік өнерді дамыту, түрлі көзқарастар мен ой-пікірлерге құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру.
TED аббревиатурасы ағылшын тілінің technology, entertainment, design; технологиялар, ойын-сауық, дизайн сөздерінен құралған. Бірегей идеяларды («ideas worth spreading») тарату конференцияның миссиясы болып табылады.
Конференцияға С.Мәуленов атындағы гимназия, Педагогикалық колледж, №15 орта мектебі және №10 орта мектебінің оқушылары мен студенттері қатысып, адамзат құндылықтары, өз-өзіне сенімділік, әлеуметтік проблемалар тақырыптары бойынша ой қозғады.