«Алау» әскери-спортық ойыны

«Алау» әскери-спортық ойыны.

«Алау» әскери-спорттық ойын оқушыларды дене және әскери-патриоттық тәрбиелеуге, орта сыныптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.

«Алау» әскери-спорттық ойын төмендегі мақсаттарда өткізіледі:

– ҚР Қарулы Күштер және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери дәстүрлерін оқушылардың оқып зерттеуі;

– Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты бұдан әрі күшейту. Оқушылар арасында отанды қорғау туралы қасиетті парызды үгіт-насихаттау, отан алдындағы парызды орындау даяарлығын, патриотизімге тәрбиелеу;

– Оқушылар бойында оқуға деген жауапты қарым-қатынасқа, саналы тәртіптілікке, ерік, батылдық, тапқырлық, шешім таба білу, жолдастық пен достық, ұжымдық сезім сияқты сапаларға тәрбиелеу;

– Қазақстан халқының жауынгерлік және еңбек даңқы, орны бойынша әрбір оқушыны белсенді тарту, ҚР Қарулы Күштер жауынгерлік дәстүрлермен таныстыру, жауынгерлермен достықты нығайту;

– Оқушылардың әскери-техникалық білім, білік және дағдыларды меңгеруі, оларды көпшілік зиян шегу қаруынан қорғану тәсілдеріне үйрету;

– Ойынға қатысушылардың «Қорғаныс және еңбекке даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын белсенді тапсыруы.

Ойын эстафета – оқушылар берілген қашықтықта төртке бөлініп бірнеше тапсырмаларды орындап, сөреге бірінші жету, Паутина – шырмауланған жіптер астынан еңбектеп өту, Кольцо – шеңберлерден секіру, Танк – қазылған  окоптарға жатып гранаталармен танктерді жару, Миналы алаң – жерге жасырылған миналарды үшкір шегелі таяқтың көмегімен іздеп табу  деген сияқты этаптарды қамтыды.