15 ақпан күні мектебімізде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен жетекшісі Бақытова Айгерім Бақытқызының ұйымдастыруымен «Әнді сүйсең менше сүй» атты «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Бұл байқау мектебімізде жылда дәстүрге айналған отбасылық ата – аналардың және ұстаздардың қатысуымен ұйымдастырылып өткізілетін іс – шаралардың бірі. Бұл күнді қатысушылар мен көрермендер асыға күткен еді. Зал лық толып, байқау да жоғары дәрежеде өтті. Қатысушы жұптар өздерінің өнерін барынша көрсетіп, байқауға аса жауапкершілікпен қарады.
Іс – шарамызға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ – нің аса танымал студенттері әділ – қазылыққа қонақ болып келді. Жалпы 19 жұп қатыстырылды. Орындалатын ән еркін тақырыпта және қатысушылардың визиткалық презентация, видеопрезентация слайдтары қосымша қаралды. Байқауда «Бас жүлде», І,ІІ,ІІІ орындар және «Көрермен көз айымы», «Әнші бұлбұл», «Лирикалық жұп» т.б да номинацияларға ие болды. «Бас жүлде» 5 «В» сынып оқушысы Кудербекова Нұрай және ұстазы Акмагамбетова Гульдана Ертисовна иеленді. І орынды 4 «Б» сынып оқушысы Мухамедгалиева Гаухар және 9 «Б» сыныбында оқитын әпкесі Мухамедгалиева Самал., ІІ орынды 2 «А» сынып оқушысы Доскенова Нұрай анасы Сопбекова Әдемау Амангельдиновна., және 2 «В» сынып оқушысы Баймуханов Жан анасы Махина Гульсум Толеухановна., ІІІ орынды 8 «Б» сынып Аманжулова Дильнара ағасы Болабеков Ардана Сагындыкович., 1 «В» сынып оқушысы Сайпилова Жансая анасы Сайпилова Лаззат Кабикеновна., 5 «Б» сынып оқушысы Галиаскарова Аделия сіңілісі 3 «В» сынып оқушысы Сабыр Дильназ иеленді. Барлық қатысушылар мақтау қағазы мен алғыс хатпен марапатталды.







