«Жұлдызды сәт» байқауы

Эстетикалық пәндер апталығы аясында 8-10 сынып оқушылары арасында “Жұлдызды сәт” өнер байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, ән айтып, би билеп, жайдарман ойыны мен пародиялар көрсетті. Байқау қорытындысы шығарылып, жүлделі орындар иеленген өнерлі оқушыларымыз мектеп әкімшілігі тарапынан мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ бұл байқау эстетикалық пәндер апталығының қорытынды кеші болды.

#ұлттықмүдде #ұлттықөнер

#біртұтас_тәрбие #эстетикалықсауаттылықапталығы

#сыныптантысісшара