Мақсаты: оқушылардың білімге деген ынтасын , белсенділігін арттыру және оқушылардың үлкен жетістікке қол жеткізуін тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды марапаттау.
Оқу жылындағы олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық сайыстар мен байқауларға қатысып жүлделі орынға ие болған оқушылар,мұғалімдер және белсенді ата-аналар салтанатты жиында аталып марапатталады.
- Оқу жылында жетістікке жеткен оқушылар арнайы номинация бойынша мектепшілік мадақтамалармен марапатталады.
№ | Номинация атауы | Сипаттамасы |
1 | «Дарынды оқушы» | Пәндік олимпиадалар,ғылыми жобалар,қашықтық олимпиадалардың жүлдегерлері. |
2 | «Спорт тарланы» | Мектеп атынан спорттық сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар. |
3 | «Жүзден жүйрік …» | Мектеп атынан ән,би, шығармашылық сайыстарға қатысып жүлделі орынға ие болған оқушылар. |
4 | «Жыл оқушысы» | Республика көлемінде мектеп абыройын асқақтатқан оқушы.Бірнеше жыл қатарынан қала, облыс , Республика көлемінде жүлделі орынға ие болған оқушы. |
- Мектеп өміріне белсене қатысқан ата-аналар арнайы номинациясымен марапатталады.
№ | Номинация атауы | Сипаттамасы |
1 | «Белсенді ата-ана» | Мектептің және сыныптың іс-шараларына белсене қатысқан ата-аналар.Мектепке және сыныпқа демушілік жасаған ата-аналар.Жыл бойында әлеуметтік топқа жататын отбасыларына көмек көрсеткен ата-аналар. |
3. Оқушылары жүлделi орынды иеленген мұғалiмдер, сондай-ақ қалалық олимпиаданы дайындау және өткiзуде белсендiлiк танытқан мектеп қызметкерлерi құрмет мадақтамасымен және төмендегі кесте бойынша сыйақымен марапатталады.
№ | Номинация атауы | Критерия |
1 | «Шығармашыл ұстаз» | Пәндік олимпиадалар,ғылыми жобалар,қашықтық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған мұғалім.Оқушылары мектеп атынан ән,би, шығармашылық және спорттық сайыстарда жүлделі орынға ие болған мұғалімдер. Әдістемелік сайыстарда жүлделі орынға ие болған мұғалімдер. |
2 | «Ұстаз» | Мұғалімдер ұжымының дауыс беру арқылы, бойында нағыз ұстазға тән қасиеттері бар мұғалім марапатталады. |
3 | «Жыл сынып жетекшісі» | Мектеп рейтингісі бойынша, сынып арасында жоғарғы көрсеткіш көрсеткен сыныптың сынып жетекшісі марапатталады. |