Жаңа жылдық қайырымдылық шарасы өтті

Жаңа жыл- бұл балалардың асыға күтетін мерекесі. Аяз ата мен ақшақар, сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесетін ғажайып күн. Мереке қарсанында мектебімізде «Жас Ұлан» балалар ұйымы бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырылымдылық акциясы өткізілді. Мектеп президенті   Нүсіпқан Жасұлан бастаған топтың бірлесуімен  5 отбасының оқушыларына тәтті сыйлықтар  мен  LEGO конструкторлары мен  киімдер  табысталды. Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.