Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 12 мамырдың
№ 04-07/1623 хатына сәйкес үкімет басшысының мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы және аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендіру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында республикалық ҚР БҒМ мен “Менің Атамекенім” ҚБ арасында жасалған мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім негізінде тұрақты негізде порталда платформа жұмыс істейтін болады.Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету.
«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата –аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Ата –аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорларының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.
Осы мақсатта 7- шағын ауданында орналасқан №10 орта мектебімізде «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік педагог: Жаппасбаева Г.Б.